“Құдай қаласа, шет мемлекетке сапарға шығамын. Түрік халқына өнерімді паш етсем деген ойым бар”, – деп бөлісті Қайрат. Әнші түрік ағайындарға ұсынатын туындысын да таңдап қойған.
“Сағындырған күнім сен… Құрмаш Маханов ағамыздың “Аңсарым” деген әнін түрікшеге аударып, түрікше бейнебаян түсірмекшімін”, – дейді Қайрат. Алайда Қайрат түрікше бейнебаянның сюжетін құпияда сақтап қалды.
“Сюжет дайын, оны айтуға болмайды, құпия”, – деп мәлімдеді Қайрат.
Қайрат аталған бейнебаянның түсіріліміне 1-2 аптаның ішінде кірісетінін айтты.