Әйелін балғамен ұрып өлтірген журналист өлім жазасына кесілуі мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 489.39
  • 567.5
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әйелін балғамен ұрып өлтірген журналист өлім жазасына кесілуі мүмкін

Әйелін балғамен ұрып өлтірген журналист өлім жазасына кесілуі мүмкін

Дубайда әйелін өлтірді деген айыппен 61 жастағы британиялық журналист Фрэнсис Мэтью қамауға алынды. БАӘ заңы бойынша ол өлім жазасына кесілуі мүмкін, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі life.ru-ға сілтеме жасап.

  • 29 Қыркүйек 2017
  • 337
Фото - Caravan.kz

Дубай полициясының ақпаратынша, Gulf News басылымының редакторы Фрэнсис Мэтью 62 жастағы жұбайы Джейнді балғамен ұрып өлтірген. Ал полицияға қылмысты үйін тонап кеткен қарақшылар жасағанын айтқан.

Алайда жауап алу барысында журналист әйелімен ақша мәселесіне байланысты сөзге келіп қалғанын мойындады.

Полицияның мәліметінше, артынша ер адам қылмысын мойындап, әйелін қалай өлтіргенін де айтып берген. Қылмысын жасыру үшін үйінің астаң-кестеңін шығарып, тонап кеткендей көрсетпек болыпты.


Айыптау тарапы британиялық журналисті өлім жазасына кесуді талап етпек.