Түркияда жол апатына ұшыраған қазақстандықтар бүгін кешке Астанаға жеткізіледі - kaz.caravan.kz
  • $ 489.39
  • 567.5
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Түркияда жол апатына ұшыраған қазақстандықтар бүгін кешке Астанаға жеткізіледі

Түркияда жол апатына ұшыраған қазақстандықтар бүгін кешке Астанаға жеткізіледі

Жол апатына ұшыраған қазақстандықтар бүгін кешке Түркиядан Астанаға жеткізіледі. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Алексей Цо

  • 29 Қыркүйек 2017
  • 339
Фото - Caravan.kz

Жол апатына ұшыраған қазақстандықтар бүгін кешке Түркиядан Астанаға жеткізіледі. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Алексей Цой вакцинация мәселелеріне арналған жиыннан кейін берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Шетелге шығатын әр азамат өзінің қауіпсіздігі үшін толық медициналық сақтандыру рәсімдеуі керек. Бұл жерде (Түркиядағы қазақстандықтарда – агенттік ескертпесі) сақтандыру болмаған немесе олар толығымен сақтандырылмаған, соған қарамастан мемлекет өзінің азаматтарына көмек көрсетуге бел буды. Бүгін елімізге жеткізілетін үш пациенттің халі нашар. Олардың күрделі травматологиялық және неврологиялық жарақаттары бар. Сондықтан, азаматтарға жоғары білікті ем алу қажет. Бұндай ем Түркияда қымбат тұратыны түсінікті, Қазақстанда барлық мүмкіндік бар. Санавиация оларды Қазақстанның ең үздік медициналық орталықтарына, яғни сондай мекемелер шоғырланған Астанаға әкеледі. Біздің негізгі институттар – Травматология және ортепедия ҒЗИ-і мен Ұлттық нейрохирургия орталығы елордада орналасқан. Оларға медициналық көмек тегін көрсетіледі. Біз үшін жастардың денсаулығын сақтап қалу маңызды», — деді Алексей Цой.

Вице-министрдің айтуынша, қазір Түркияда Қазақстанның 4 азаматы жатыр. Түрік дәрігерлерінің қорытындысына сәйкес, олардың үшеуінің халі нашар, біреуінікі тұрақты. Сондықтан үшеуі санавициямен жеткізіледі. Ал бір қыздың жарақаты жеңілдеу болғандықтан, ол халі жақсарған соң рейстік ұшақпен келеді.


«Үш науқасқа арналған санавиация еш өзгеріс болмаса, бүгін шамамен кешкі сағат 22.25-де келуі керек. Санитарлық авиация ұшағы қарапайым ұшақ емес. Ол реанимациялық бригадамен, дәрі-дәрмек және қажетті жабдықтармен жасақталған санитарлық авиация борты. Қарапайым чартерлік ұшақтардан бірнеше есе қымбат тұрады. Оның бағасын нақты айта алмаймын, бірақ әдетте санавицияның бір рейсі кем дегенде 50 мың доллар тұрады», — деді Алексей Цой.

Еске сала кетейік, Түркияға Қазақстаннан демалуға барған жеті адам жантүршігерлік жол апатына ұшыраған болатын. Жол-көлік оқиғасынан төрт түрік азаматы қаза тауып, ал қазақстандықтар түрлі дәрежеде жарақат алған еді. ҚР СІМ баспасөз қызметінің басшысы Әнуар Жайнақов Анталияда апатқа ұшыраған қазақстандықтардың сақтандыру полисі болмағанын мәлімдеді.