Алматыда көлік қағып кеткен көше сыпырушы ауруханада қайтыс болды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда көлік қағып кеткен көше сыпырушы ауруханада қайтыс болды

Алматыда көлік қағып кеткен көше сыпырушы ауруханада қайтыс болды

Алматыда автомобиль жүргізушісі қағып кеткен коммуналдық қызметтің жұмысшысы ауруханада қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

  • 3 Қазан 2017
  • 194
Фото - Caravan.kz


"Оны ауыр халде ауруханаға жеткізді. Дәрігерлер қолдан келгеннің барлығын істеді, алайда оның жарақаты тым ауыр болды. Жансақтау бөлімінде жасалған әрекеттер жақсы нәтиже бермеді. Науқас қайтыс болды", — деді Алматы қалалық Денсаулық сақтау басқармасының өкілдері. 

Еске салайық, Алматыда көлік жүргізушісі көше сыпырушыны қағып кеткен еді. Алматының Сайын көшесінің бойында солтүстік бағытта Төле би көшесінен өткен бетте тоннельден шығаберісте Honda CR-V автокөлігі ер адамды қағып кеткен. 1955 жылғы ер адам жол жиегін сыпырып жүрген. Оны ауыр халде ауруханаға алып кеткен. Жүргіушінің айтуынша, көше сыпырып жүрген ер адам артқа қарай 3-4 қадам жүрген, сол себепті лезде әрекет етіп үлгермеген.