Екібастұзда мекеме қызметкері оралмандар үлесінен миллиондарды иеленген - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Екібастұзда мекеме қызметкері оралмандар үлесінен миллиондарды иеленген

Екібастұзда мекеме қызметкері оралмандар үлесінен миллиондарды иеленген

Екібастұз қаласында Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығының қызметкері Монғолиядан келген оралмандар мен мемлекетті 284 миллион теңгеде алдаған, деп хабарлайды Павлодар облысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Ұлттық бюросы департаменті басқарамасының басшысы Руслан Қубатов.

  • 3 Қазан 2017
  • 173
Фото - Caravan.kz

Қубатовтың берген ақпараты бойынша, Екібастұз ТКШБ 61 жасар маманы Ғабдолла Шорманов 2011 жылдың тамызынан бастап 2016 жылдың тамызына дейін Монғолиядан келген оралмандарға заңсыз негізде жер телімдерін таратқан. Осы ретте арадағы делдалдың көмегімен әрбір берілген жер телімі үшін 200 мың және одан да көп ақы алып отырған. Оның айла-амалынан 31 оралман зардап шеккен. Жалпы көлемі 284 миллион теңге шығын жасалды.