Жағар май тапшылығы ең сабырлы деген дін қызметкерлерінің де мазасын қашыра бастаған секілді. Мәселен, түрлі оқыс мәлімдемелерімен есте қалып жүрген дінтанушы Мұрат Телібеков бензинге жұдырық арқылы қол жеткізген, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы.
Мұрат Телібеков өзінің іс-әрекеті жайлы былай деп жазыпты:
Алматыда бензин тапшылығы басталды. Жана-жағар май бекетіне кірдім. Бензин тек талонмен ғана беріліп жатыр. Мен бұған наразы болдым. Столды жұдырықпен бір ұрдым. Сосын қайтадан сыпайы түрде сұрадым. Түк әсер етпеді. Тағы да жұдырықпен сөрені ұрып қалдым.Тағы да сыпайы түрде жағар май беруін сұрадым. Ақырында 95-маркалы бензиннің 50 литрін құйып берді. Аллаға шүкір!»,- дейді.