«Бүгін жоғалып кеткендерді іздеу жұмыстарына ІІМ ТЖ комитеті «Казавиаспас» АҚ-ның тікұшағы жұмылдырылды. Көл акваториясы мен жағалауын көзбен шолып шығу жүргізілуде. Іздеу жұмыстары іздеу аумағының үлкендігіне және ауа райы жағдайының қолайсыздығына байланысты күрделеніп тұр», — деп хабарлады Қарағанды облысы бойынша ТЖ департаментінің ресми өкілі Жанна Дәуренбекова.
Балық аулауға 24 қыркүйек күні шыққан екі балықшыны іздеу жұмыстарына жедел-құтқару жасағының құтқарушылары, Қарағанды облысы ТЖ департаментінің өрт сөндіру және апатты-құтқару жұмыстары қызметінің өрт сөндіруші-құтқарушылары, Балқаш ІІБ, жергілікті тұрғындар, аңшылар мен балықшылар қоғамының «Ақ сұңқар» қоғамдық ұйымы тарталды.
Еске салайық, балықшылар — 20 жастағы Арман Бораш пен Батырхан Жүнісовтар табылмай жатқандығы туралы бұған дейін хабарлаған болатынбыз.