«Заманауи VIP-терминал, транзиттік аймақтың халықаралық ұшу залы кеңейтіледі. Тамақтану саласында қызмет көрсететін компаниялардың жұмысын жақсартуға халықаралық компанияларды шақырамыз. Әуежай басшылығы екінші терминалдың құрылысын бастау туралы шешім қабылдады», — деді Бауыржан Байбек.
Қала басшысының айтуынша, құрылыс жұмыстары бірнеше жыл бойы жалғасады. Инвестиция көлемі әзірге белгісіз.
Биыл әуежайдың ұшу-қону жолы қайта жөндеуден өтіп жатыр.