Санавиация көмегіне зәру болған келіншекке Алматыдан арнайы мамандар барды - kaz.caravan.kz
  • $ 504.49
  • 587.73
+1 °C
Алматы
2025 Жыл
7 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Санавиация көмегіне зәру болған келіншекке Алматыдан арнайы мамандар барды

Санавиация көмегіне зәру болған келіншекке Алматыдан арнайы мамандар барды

Бұған дейін бортында екі дәрігер бар АН-28 ұшағы құлаған соң, Шымкентте жатқан Мереке Қозкеноваға екінші рейспен санавиация келмейді делінген еді.

  • 6 Қазан 2017
  • 320
Фото - Caravan.kz

Әуедегі емес, жердегі көлікпен жеткен алматылық мамандар хәлі мүшкіл келіншекті жан-жақты тексеруде деп хабарлады КТК телеарнасы.

Кеше кейбір дерек көздері Мереке Қозкенованың 6-шы баласын туған соң хәлі күрт нашарлағанын айтып, тіпті акушерлердің кесірінен ананың жатырында баланың жолдасы қалып қойды деп хабарлаған. Алайда, күнгейлік дәрігерлер мұның бәрін жоққа шығарып отыр. Яғни бірнеше жылдан бері гепатиті бар келіншек бала туудың қауіпті екенін біле тұра тәуекелге өзі барыпты. Босанған соң сырқаты дендеп, онысы бауыр циррозына ұласқан. Ал әкесімен бірге қалған нәрестенің жағдайы жақсы деп отыр дәрігерлер.

Инна Глазебная, ОҚО Денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы:


— 30 жастағы түркістандық келіншектің жатырында баланың жолдасы қалып қойды деген бос сөз. Ол босанған соң оншақты күн үйінде жатты. Әйелдерде көбіне жүктіліктен соң ауруы асқындайды. Содан жағдайы нашарлай бастағаннан кейін дәрігерлер ауруханаға жатқызған. Әйтпесе бірнеше жылдан бері гепатиті бар әйел ретінде есепте тұрады. 

Перейти к новостям спорта