Өткір сұрақ - kaz.caravan.kz
  • $ 489.39
  • 567.5
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өткір сұрақ

Өткір сұрақ

Өз балаларын егуге қарсы ата-аналарға ықпал ету шараларын заңнамалық деңгейде дайындау туралы шенеуніктердің жуырдағы бастамасы екпеге қарсылардың лагерін дүр сілкіндірді.

  • 6 Қазан 2017
  • 833
Фото - Caravan.kz

Денсаулық сақтау министрлігінің соңғы деректері екпеге қарсы көңіл-күйдің өсіп жатқанын көрсетіп отыр: 2017 жылдың бірінші жартысында иммундаудан бас тартудың 11557 фактісі тіркелді. — деп хабарлайды Caravan.kz

Бұл 2016 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 37,3 пайызға көп. Қазіргі таңда иммундаумен қамту ұсынылған пайызын сақтап тұр. Дегенмен, одан бас тарту динамикасы алаңдатады. Көптеген елдерде екпеге қарсылармен күрес тосқауыл қою қағидасына негізделген. Австралияда қаржылық шара қолданылады: мұнда екпені қолдамайтындар балаларға арналған медициналық сақтандыру үшін мемлекеттік субсидиялардан қағылады. Ресей де дәл осындай шараны қабылдау жағын қарастырып жатыр. Халықты иммундау деңгейі ең жоғары, «медициналық туризмді» жеңген Израильде тұрғындардың 90-95 пайызы егілген (көрсеткіш өңірлер бойынша әр түрлі)! Екпеге қарсылармен күрес жөнінде біз Сорока университетінің медициналық орталығының «Педиатрия» бағытының жетекшісі, педиатрия және жұқпалы аурулар профессоры Дэвид Гринбергпен сөйлестік.

Доктор Гринбергтің сөзінше, вакцинаға қарсы «қатардағы» адамдар вакцинацияның өлім мен мүгедектіктің алдын-алу сияқты мақсатын есепке алмайды. Олар тек жанама әсерлеріне көңіл бөледі. «Иммундау бағдарламаларының арқасында көптеген аурулар бақылауға алынды. Мысалы, полиомелит. Біз қазір полиомелиттен кейін пайда болатын мүгедектікті ұмытып, одан қорықпайтын болдық! Немесе желшешек… Израильде екпеге қарсылар аурудан кейінгі иммунитет екпеден кейінгіге қарағанда сенімдірек деп ойлап, желшешек кештерін ұйымдастырады. Олар желшешек вирусының жүйке жүйесінде мәңгі қалатыны, ал иммунитет төмендегенде Herpes zoster атты суперинфекцияға жол ашатыны туралы біле бермейді».

Қатерлі емес инфекциялар мәселесінде ата-аналар аурудың салдары мен вакцинаның жанама әсерлері туралы таразылайды, ал өлімге апаратын вирустар мен инфекциялар жағдайында нені салыстыруға болады?


Дэвид Гринберг 2009 жылы медициналық бірлестіктің жетістікті қалай мерекелегені туралы айтып берді: Streptococcus pneumoniae –ға қарсы 13-валентті конъюгирленген вакцина ойлап табылды. «№1 өлтіруші» деп аталған пневмококк нәрестерлердің 40 пайызының өліміне себеп болған. Вакцинация өте жақсы нәтиже көрсетіп, 2010 жылы пневококк Қазақстанның екпе бойынша Ұлттық күнтізбесіне енгізілді. Сәбилерді пневмококк инфекциясына қарсы егу пневмониямен ауруды 50 пайызға, өлімді 20 пайызға төмендетті. Оның тиімділігіне қарамастан, Қазақстанда екпеге қарсылардың белсенділігінен 8 айда балалардың небәрі 63 пайызы ғана егілген!

Екпеге қарсыларды жеңу үшін Израиль үкіметі ақпараттық науқаннан өзге «көзге көрінбейтін тосқауыл» қолданады – екпе заң бойынша емес, іс жүзінде міндетті – онсыз бала ешқандай балаларға арналған мекемеге бара алмайды. Ал, біздің парламентарии мен медицинадағы шенеуніктердің қандай шара қабылдайтынын уақыт көрсетеді.