Қырғыз саясаткері мемлекеттік төңкеріс жасамақ болды деген күдікпен ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғыз саясаткері мемлекеттік төңкеріс жасамақ болды деген күдікпен ұсталды

Қырғыз саясаткері мемлекеттік төңкеріс жасамақ болды деген күдікпен ұсталды

Қырғызстан мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті 15 қазанға белгіленген президент сайлауынан кейін елде билікті басып алуға әрекет жас

  • 10 Қазан 2017
  • 204
Фото - Caravan.kz

Қырғызстан мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті 15 қазанға белгіленген президент сайлауынан кейін елде билікті басып алуға әрекет жасады деген күдікпен «Мекеншіл» саяси партиясының мүшесі Мелис Аспековты ұстады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Бір апта бұрын Бішкекте «Қырғызстан» саяси партиясының басшысы, парламент депутаты Қанатбек Исаев ұсталған болатын. Ол сайлауда кандидат Өмірбек Бабанов жеңіліп қалған жағдайда билікті күшпен басып алуға дайындалды деп айыпталуда.

«Қырғызстан мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті депутат Исаевқа қатысты қылмыстық іс аясындағы шұғыл іздестіру шараларын өткізу кезінде «Мекеншіл» саяси партиясының мүшесі Мелис Аспековты ұстады. Аспеков президент сайлауының қорытындысы жарияланғаннан кейін билікті басып алу мақсатында белгілі бір топтың мүддесіне жұмыс істеп, жеке азаматтармен сөз байласа отырып, елдегі жағдайды тұрақсыздандыру жоспарларына қатысқан. Сонымен қатар Аспеков Исаевпен және «Республика» партиясының кейбір жақтастарымен байланысқа шығып, президент сайлауы кезінде және кейін жаппай тәртіпсіздіктерге қатысатын жақтастарын жинауға әрекеттенген», — деп жазылған хабарламада.

Комиеттің бас тергеу басқармасы елдің Қылмыстық кодексінің «Жаппай тәртіпсіздікке дайындалу» және «Билікті күшпен басып алуға дайындалу» баптары бойынша қылмыстық іс қозғады.


Қазіргі президент Алмазбек Атамбаевтың өкілеттігі осы жылдың 1 желтоқсанында аяқталады. Конституцияға сәйкес, ол президенттік сайлауға қайта түсе алмайды. Сайлау 15 қазанға белгіленген.