"13 қыркүйекте Павлодар қаласында жүргізуші К. «Toyota RAV4» маркалы көлікті тізгіндеп, Суворов көшесі бойындағы көлік тұрағынан артқа қарай қозғалу барысында алдымен «Toyota Carina» машинасына, содан кейін «Toyota Camry»-ге соғады. Одан ары қозғалуын жалғастырып, «Toyota Avensis» автомобиліне қақтығысқан", деп хабарлады Павлодар облыстың сотының сайты.
К. әкімшілік құқықбұзушылық жасағанын және жол жүру ережесін бұзғанын, көлік құралдарына зақым келтіріп материалдық шығын әкелгенін мойындады. Сот қаулысымен К, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 610-бабының 1-бөлігінде қарастырылған құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде теңге айыппұл салынды.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.