"Мен ЛГБТ жүзі, гей руынанмын" - алматылық гей - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-3 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Мен ЛГБТ жүзі, гей руынанмын" - алматылық гей

"Мен ЛГБТ жүзі, гей руынанмын" - алматылық гей

Гейлер де екінші жұбын өзара ру сұрасу арқылы таңдайтын болып шықты. Бұл жайтты еліміздегі гейлердің бірі ЛГБТ-ның сайты kok.team портал

  • 12 Қазан 2017
  • 6873
Фото - Caravan.kz

Гейлер де екінші жұбын өзара ру сұрасу арқылы таңдайтын болып шықты. Бұл жайтты еліміздегі гейлердің бірі ЛГБТ-ның сайты kok.team порталына қынжыла жазыпы, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы.

ЛГБТ өкілдері неге бөлінеді, деп күйінген әлдебір алматылық жігіт өзінің бастан өткен оқиғасын жазыпты. Ол Қызылорда қаласына жұмыс бабымен барған сапары кезінде өзі секілді гей жігіт іздеп, соңы немен аяқталғанын баяндаған.

— Еліміздің ескі астанасында өткізген бір аптада ішім пыспасын деп, өзіме серік іздедім. Басы жақсы басталып еді. Өздеріңіз ойлап көріңіздер, келбеті келіскен Алматылық жұмбақ жігіт жылы лебіз іздесе, оған кім кедергі болмақ? Оның үстіне қалтамда ақшам да баршылық еді. «Бір апталық ғашығымды» «Регистан» немесе «Золотой Драконға» алып барсам да шамам жетер еді, деп өзінің көрікті екенін және қалталы екенін меңзеп қояды.

Бұдан кейін әлгі жігіт серігімен қалай кездескенін және танысқан қызылордалық жігіттің қолынан қалай ұстағанын тамсана еске алады. 

— Менің қиялым REMA мейрамханасындағы бөлмемде ғашық жігітпен таңға дейін ішерімізді ішіп, қыдырарымызды қыдырып, қызыққа бататынымды ойлап шарықтап кетіп те үлгерген. Сол сәтте ол менің қолымнан ұяңданып ұстады да, көзіме тура қарап, «Айтпақшы, сенің руың кім?» деп сұрады.

Автордың айтуынша, руын айтқан сәттен-ақ жағдай күрт өзгеріп сала берген. Жаңа танысы немесе ғашығы шұғыл жұмыстарым бар деп кетіп қалыпты. Қысқасы оған алматылық гей жігіттің руы ұнамай қалған.


— ЛГБТ-ның өз арасында руға бөлінуі тіпті де ақылға сыймайтын нәрсе ғой. Біздің санымыз онсыз да аз, ал қоғам болса бізді жек көреді, жек көрмегені де біздің жарылқағалы тұрған жоқ. Жағдай осындай бола тұра, өз арасында жүзге, руға бөлінетіндер бар екен.

Бұл тек қазақтарға байланысты мәселе емес. Гей кәрістердің кәрістерге, ұйғырлар ұйғырларға, орыстар орыстарға жақын жүретінін үнемі байқаймыз. Бұл қынжылтарлық жайт, деп күйініпті алматылық көгілдір.

Сондықтан келесі жолы бір кездесуде менен біреу руың кім еді деп сұрай қалса, мен «Мен ЛГБТ жүзі, гей руынанмын» деп жауап қайтарамын деп шештім, деп аяқтайды гей жігіт  өзінің әңгімесін.