Оңтүстік Қазақстаннан Кереку өңіріне 50 отбасы көшіп барды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Қазақстаннан Кереку өңіріне 50 отбасы көшіп барды

Оңтүстік Қазақстаннан Кереку өңіріне 50 отбасы көшіп барды

Биыл 1 қазанда Павлодар облысына Оңтүстік Қазақстан облысынан 50 отбасы қоныс аударған.

  • 13 Қазан 2017
  • 260
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін жастар бастамаларын дамыту орталығында «Серпін-2050» бағдарламасы аясында білім алып жатқан  жастардың қатысуымен өткен кездесуде облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламлар басқармасы көші-қон бөлімінің басшысы Меруерт Есембаева айтты, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz тілшісі. .  

— Биыл 60 отбасын көшіру жоспарланған болатын, — дейді Меруерт Есембаева. – 50 шаңырақтың алтауы – Павлодар қаласына,  бес отбасы – Ақсу мен Екібастұзға, қалғаны ауылдық аймақтарға қоныстанды. Қалған ниет білдірген он отбасы кезекте тұр. Ауыл шаруашылығымен айналысуға ынталы адамдарға жер учаскелері ұсынылып, аудан орталығына және қалаларға жақын жерлерге жіберіледі.  Бағдарлама аясында кез келген азамат өз қалауымен баратын жерді таңдап алады. Бұл қатарға өздігінен жұмыспен қамтылғандар, жастар, жас отбасылар жатады. Бірінші талап — отбасында кем дегенде бір адамның қандай да бір мамандық иесі болуы тиіс. Жыл басында аудандар мен қалаларда  біздің облысқа қажет мамандықтар тізімі бектіледі. Мәселен, биыл  білім беру (ағылшын тілі, математика пәндерінің мұғалімі), денсаулық сақтау  және ауыл шаруашылығы саласына 150-ден астам маман қажет.  

Бөлім басшысы 2017 – 2021 жылдарға арналған «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту»  бағдарламасының еңбек күшінің ұтқырлығын арттыру бағытына кеңінен тоқталып өтті.


Үкімет тарапынан  көшіп келген адамдарға 35 АЕК көлемінде бір реттік төлемақы бекітілген және он екі айдың ішінде баспана жалдап тұруға қаражат бөлінеді. Үй сатып  алуға ниет білдіргендерге келісімшарт  негізінде  шағын субсидия, әлеуметтік сала қызметкерлеріне арендалық үй беріледі.  

Оралмандар мен ішкі қоныс аударушыларға бөлінетін квота саны келесі жылы 460 отбасына дейін еселенген. Бұл шамамен 1800-ден  астам адам. Жалпы бес жылдың ішінде Павлодар облысына жұмыс күші артық өңірлерден  15 000-нан астам отбасын көшіру жоспарланып отыр.