Димаштың анасы қырғыздарды таң-тамаша қалдырды - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
0 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Димаштың анасы қырғыздарды таң-тамаша қалдырды

Димаштың анасы қырғыздарды таң-тамаша қалдырды

Димаш Құдайбергеннің анасы Света Айтбаева Қырғызстанның super.kg порталына берген сұхбаты арқылы көрші халықтың ризашылығына ие болды.

  • 13 Қазан 2017
  • 6767
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлады. Димаштың анасы қырғыз тілшілеріне негізінен әлемге әйгілі болған әнші баласы жайында көбірек сөз қозғаған.

Сондай-ақ ол өзінің де, Димаштың да туысқан қырғыз халқын, әсіресе олардың әндерін ерекше жақсы көретінін айтты. Оның дәлелі ретінде Света Айтбаева қырғыз тілінде ән орындап берді. Ал Димашты жолын ашқан Ыстық көлде өткен «Мекен Азия» байқауы екенін тілге тиек еткен әнші қырғыз еліне береке-бірлік тіледі.

Оның сұхбатын көрген қырғыз ағайындар ризашылықтарын танытып, оң пікірлер жазып қалдырған.