Шетелдікпен отау құрған белгілі тележүргізуші қыздарға күйеуге тез тиіп алудың жолдарын үйрете бастады - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шетелдікпен отау құрған белгілі тележүргізуші қыздарға күйеуге тез тиіп алудың жолдарын үйрете бастады

Шетелдікпен отау құрған белгілі тележүргізуші қыздарға күйеуге тез тиіп алудың жолдарын үйрете бастады

Қалың көрерменге «Шетелдегі қазақ балалары» бағдарламасы арқылы танылған тележүргізуші Жанар Байсемізова-Колесникова биыл наурыз айында Украина азаматы Эдуард Колесниковке тұрмысқа шыққан болатын. Кейін әлеуметтік желіде бақытты екені туралы жазды.

  • 18 Қазан 2017
  • 3844
Фото - Caravan.kz

Енді ол сіңлілеріне күйеуге тез тиіп алудың жолдарын үйрете бастады, деп хабарлайды Caravan.kz.

Қазақ қыздарына шынымен де керек болар деген оймен Жанар Байсемізова-Колесникованың әлеуметтік желідегі жазбасын оқырман назарына қаз-қалпында ұсынып отырмыз.

«Тұрмысқа шығудың жолдары:

1. Көйлек кию (юбка, блузка). Əйелге тəн киіну. Көйлек кию бойыңыздағы еркекке тəн энергетиканы басып, нəзіктігіңізді арттырады. Əйелдік энергияны көбейтеді. Шалбар, джинсы, шорты бəрін шешіңіз, тастаңыз. Жұмыста, үйде, мерекеде, демалыста барлық жерде тек қана көйлекке көшіңіз!
2. Ұзын шаш. Шашыңыз қысқа болса өсіріңіз. Кеспеңіз. Бұрынғы бабаларымыздың қыздарға шашты қимау керек деген өсиеті бекер айтылмаған.
3. Фен қолданбаңыз! Шаш суды өзіне сіңіріп, ылғалды ұстап тұрады екен. Бұл қыз-келіншектердің интуициясын көтереді. Бұл өзіңнің адамыңды тануда өте маңызды. Фен шаш арқылы алған энергетиканы өлтіреді.
4. Үй жануарларын асырамаңыз. Мысалы, мысық! Сіз орасан энергетиканы мысығыңызға жұмсайсыз. Жігітіңізге ешнəрсе қалмайды. Энергиясы жоқ қыздардан жігіттер кетіп қалады. (Жап-жақсы болып жүріп, өз өзінен жоқ болып кеткен жігіттер болды ма? Нені дұрыс істемедім , неге деген сұрақтар мазалады ма? Бұл сол энергияның сарқылуынан. Подсознательно еркек сізден ешнəрсе ала алмасын сезіп, тайып тұрады). Əрине, энергияны рəсуа қылатын тек қана үй жануарлары емес.
5. Сары түсті таңдаңыз! Өміріңізге сары түсті көбірек қосыңыз. Сары түс ер адамдарды өзіңізге тартудың бір құралы. (Цвет партнёрства). Сары түс сізді өзгертеді. Бұл сіздің бойыңыздағы критикалық қасиетті бұғаулайды. Біз бəріміз Күннің энергетикасын пайдаланамыз. Гардеробта сары түсті ешнəрсе жоқ па? Онда дереу шоппингке шығыңыз:) 6. Қарым-қатынастағы адалдық. Адал болыңыз.
7. Неге (почему) күйеуге шықпай жүрмін деп өзіңізді жеуді тоқтатыңыз. " Не себепті өз адамым кездеспей жатыр?",- деген сұрақты қойыңыз. "Ол мені іздеп келуі үшін не істеуім керек?",- деген сұраққа жауап беріңіз.
Өз өзіңізді дамытыңыз. Өзгеріңіз!
Ақ боз атты Ханзаданы армандайсыз ба?
Онда өзіңіз Ханшайымға айналыңыз!»

Жанар Байсемізова соңында бұл жазбаның жалғасы болатынын айтқан.