Youtube желісінде қаралым жағынан рекорд орнатып жатқан Ерке Есмаханның «Қайда» атты әніне жауап ретінде Серік Ибрагиов «Бар-бар» деп аталатын ән шығарды. Бұл туралы reactor.inform.kz жазады.
Бұған дейін Еркенің бұл әніне талай каверлер түсірілген болатын. Бір сөзбен айтқанда ел ішінде ерінбегеннің бәрі Еркенің «Жоқ-жоқ» деген назына өздерінше жауап берген-ді. Енді әнші Серік Ибрагимов ресми түрде ән шығарыпты. Жаңа әннің әні мен сөзін Ерболат Қарақойшы жазған.