Келесі жылдан бастап жәрдемақы көбейеді - Светлана Жақыпова - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-3 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Келесі жылдан бастап жәрдемақы көбейеді - Светлана Жақыпова

Келесі жылдан бастап жәрдемақы көбейеді - Светлана Жақыпова

Астанада ОКҚ-да өткен баспасөз-конференциясында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап енгізілетін базалық зейнетақыны тағайындаудың жаңа тәсілін түсіндірді, деп xабарлайды Baq.kz тілшісі.

  • 20 Қазан 2017
  • 460
Фото - Caravan.kz

«Қазіргі уақытта базалық зейнетақы еңбек өтілі мен зейнетақы жинағынсыз зейнет жасына жеткендердің бәріне бірдей тағайындалады. Келесі жылдан бастап еңбек өтіліне қарай базалық зейнетақы жүйесіне қатыса алады. Осы орайда 1998 жылдан кейінгі жинақтаушы зейнетақы жүйесіне түскен жарналар ғана есептелмей, 1998 жылға дейінгі де еңбек өтілі назарға алынады деп күтілуде», — деп түсіндірді Светлана Жақыпова.

Мұндай әдіс, 30-40 жыл еңбек өтілі болса да, төмен зейнетақы алып отырған адамдарға қатысты әділ шешім болады деп күтілуде. 1998 жылға дейін және одан кейін де 33 жылдан асатын өтілі бар тұлғаларға, базалық зейнетақы ағымдағы көлемімен салыстырғанда екі есеге көбейеді. Егер бұл сома қазір 14 мың теңгені көрсетсе, 2018 жылдың 1 шілдесінен зейнеткерлердің аталған тобы ынтымақты және жинақтаушы зейнетақыға қоса, 28 мың теңгені иемденетін болады.

Заңда айқындалғандай, 33 жылды еңсерген өтіл белесінде базалық зейнетақы күнкөріс деңгейінің толық 100% көлемін қамтымақ.

Светлана Жақыпованың айтуынша Қазақстанда екі миллионнан аса зейнеткер өткен жылмен салыстырғанда 20 %-ға өскен зейнетақы алып үлгерді. Нәтижесінде 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап базалық зейнетақы 14 мың 466 теңге, ең төменгі зейнетақы 31 мың 245 теңгені құрады. Келесі жылы ынтымақты зейнетақыны болжамды инфляция деңгейінен 2 пайызға жоғарылату жоспарлануда.


"Ең төменгі күнкөріс деңгейі құрылымын қайта қарастыру мен оны келесі жылы 16 пайызға өсірумен қатар, мүгедектік пен асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша да жәрдемақы мөлшері көбейтілетін болады. Бұл аталған жәрдемақыны Қазақстанда 570 мың адам алып отыр», — деп түйіндеді Вице-министр.

Светлана Жақыпованың айтуынша, Үкіметтің әлеуметтік сала бойынша жүргізіп жатқан жұмысы мемлекет көмегін алушы барлық тараптар үшін міндеттер ауқымын жүзеге асыруда кешенді әрі жүйелі көзқарасты қажет етеді.