Норвегияның Стокк қаласында өткен жекпе-жек алтыншы раундта аяқталды. Норвегиялық боксшы қыз үшін бұл 32-ші кездесу және 32-ші жеңісі және ол 9-шы рет жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқтады. Ал осы күнген дейін 29 рет жеңімпаз атанған 41 жастағы Лаурен бесінші рет жеңілді. Еске салайық, таяуда баспасөз конференциясында Лаурен норвегиялық боксшының ернінен сүйіп алған еді. Брекхус шапалақпен жауап қайтарды, бірақ күліп жіберді. Сосын барлығы сабырға келіп баспасөз конференциясын ары қарай жалғастырды.