Атырау облысында полицей екі адамды қағып кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атырау облысында полицей екі адамды қағып кетті

Атырау облысында полицей екі адамды қағып кетті

Атырау облысы Мақат ауылында учаскелік инспектор қызметтік көлікпен белгіленбеген жерден өтіп жолды кесіп өтіп бара жатқан екі адамды қағып кетті, деп жазады өңірлік "Мой ГОРОД" басылымы. 

  • 23 Қазан 2017
  • 196
Фото - Caravan.kz

Апат 22 қазанға қараған түні болды. Полицей жұмыстан үйіне қайтып келе жатқан. 

"Зардап шеккендер аудандық ауруханаға жеткізілді, олардың жағдайы тұрақты. Көлік қағып кеткен адамдар – 30 және 31 жастағы жергілікті тұрғындар", — деді Атырау облысы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіндегілер. 

Бұл факті бойынша ҚК  345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ішкі қызметтік тексеріс жүргізілуде, бірқатар сараптама тағайындалды.