Түрмеден шыққан Тайшыбеков: Мен орыс әлемі болса екен деймін - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Түрмеден шыққан Тайшыбеков: Мен орыс әлемі болса екен деймін

Түрмеден шыққан Тайшыбеков: Мен орыс әлемі болса екен деймін

39 жастағы Ермек Тайшыбековты Қазақстанда, ресейшілдердің жолын қуушы айрықша қоғамдық-саяси қайраткер деп санайды.

  • 25 Қазан 2017
  • 8086
Фото - Caravan.kz

2015 жылдың желтоқсанында Ермек Тайшыбеков ҚР Қылмыстық кодексінің 174-ші бабы 1-ші бөлімі бойынша («Әлеуметтік, ұлттық, тектік, нәсілдік, сословиелік немесе діни бөлуді туындату») 4 жылға сотталды. Тайшыбеков тұтқынға алынған сәттен бастап және лагерде болған кезеңімен қоса жалпы 25 айын қапаста өткізді. Өзінің көзқарасы, қамауда болған кезі мен бостандық сезімі туралы ол, EADaily Орталық азиялық редакцияға берген сұхбатында айтты.

— Әрине, мен бостандықта жүргеніме әлі де үйреніп келемін. Бұл өте ерекше сезім. Себебі, қамауда болған кезде әлемде болып жатқан жағдайларды бақылау қиынға соқты, ал қазір мен осы уақыт аралығында Қазақстан, Ресей және өзге де елдерде қандай жағдайлар болғанымен танысудамын.

— Өз сенімін бойынша, мен – атеист, материалист, ультратехнократ, германдық-израилдық бағыттағы ресей центризмін жақтаушы ресей империалистімін. Мен Мәскеу – Берлин – Иерусалим геосаяси шеңберінің құрылуын қолдаушымын. Монро доктринасының жақтаушысымын. Ресей империалисті ретіндегі менің пікірлерім, Мәскеуде Жоғарғы кеңеске шабуыл жасалған 1993 жылдың қайғылы қазанынан бастау алды, — дейді Тайшыбеков.

Интернетке жалпы қолжетімділік дәуірі мен әлеуметтік желілер танымалдылығының уақыты орын ала бастаған 2000 жылдардың екінші жартысында Тайшыбеков, өз көзқарастарын кең көлемдегі аудиторияға тарату мүмкіндігіне ие болды. Дәл сол кезде ол «ресей империалисті» ретінде көпке таныла бастады.

— Мен өз көзқарастарым мен пікірлерімді өзгерткен емеспін. Сол кезде де, қазір де. Мен ресейлік империалистпін, және мен «ресей әлемінің» идеологиясынан бас тартқан жоқпын.

Өзіне қатысты іс қозғатқан адамдарға қатысты, Тайшыбеков, олар туралы ешқандай сезім мен эмоция сезінбейтіндігін жеткізді.

— Мен ол адамдарды еске алмаймын және олар туралы ештеңе ойламаймын. Егер олар, идеялық оппотенттермен күресуде арнайы орындарға арыз жазу керек деп есептейтін болса, онда бұл істі өздерінің ар-ұяттарына қалдырдым. Менің ешкімге, оның ішінде оларға ешқандай өшпенділігім, жек көрушілігім мен ренжішім жоқ.

Қамауда болған кезінде Тайшыбеков өзімен бірге камерада болғандарға заңгерлік көмектерін көрсеткен. Көптеген жазасын тұтқындарға сотқа дұрыс өтініш жазуда көмек қолын созған.

— Адамдар қалай өтініш жазу керектігін, өзінің тұтқынға алынуына қарсы арыздану мен төменгі сот шешімі бойынша жоғарғы сотқа қалай шағымдану керектігін білмейді. Мен бұл жағдайды өз ақылым мен қолдарымның көмегімен өз қолыма алдым.

Қазақстан түрмесіне түскен әрбір адамда кездесетін, ерекше атап өтетін жәйт, бас бостандығынан айырылу орындарында салафиттердің болуы. Оларда өзара қолдау жүйесі, ынтымақтастық, бауырластық идеясы жұмыс істегендіктен, олардың идеологиясы тұтқындалушылар арасында жақсы таралып, ислам тұрғысына қатысы жоқ сотталған өзгелерді өздеріне тартады.

— Қазақстаннан басқа жерге қоныс аудару турасында ойланып көрдіңіз бе?

Бостандыққа шыққаннан кейінгі, алдағы 15 айда ШМББ бойынша маған келесідей құқықтық шектеулер қойылған: өзім тұрып жатқан қаладан шығуға, кафе, ресторан, түнгі клубтар мен өзге де көңіл көтеретін орындарға баруға болмайды. Мен күнделікті аймақтық полицейге белгіленіп тұруым керек, әрқашан кешкі 22:00-ден таңғы 7:00-де міндетті түрде үйде болуым қажет. Қазақстанның қаржы Министрлігі мені өмір бойына, халықаралық терроризмді қаржыландыруға қатысы бар тұлғалар тізіміне қосып, банктегі  есепшоттарымды бұғаттаған. Жылжымайтын мүлік, көліктен бастап кәсіпорындардың жарғылық капиталындағы үлестерім мен есеп шоттардағы депозитім мен бағалы қағаздарға дейінгі кез-келген менің мүлігім заңсыз болып табылады.Қазақстанның барлық банк, нотариус және өзге тіркеуші органдарында маған қызмет көрсетуге тыйым салынған. Мұның барлығы Донбасстағы сарбаздарға ақша аударғаным үшін жасалынып отыр. Қазақстанда олар террористтердің қатарына жатқызылады.

Сондай-ақ, Тайшыбеков өзінің Қазақстандағы дәрежесі «Тәжікстаннан келген заңсыз мигранттан төмен» екендігін атап өтті.

— Мен ресми түрде жұмыс істей алмаймын және кәсіпкерлік қызметпен айналыса алмаймын. Азаматтық құқық тұрғысынан айрықша шектелгенмін. Аталған аспекттегі маған деген жаза, мемлекеттік сыбайлас жемқорлар, сериялық адам өлтірушілер, бұзақы, педофил, есірткі сатушылармен салыстырғанда тым қатал. Оларға бостандыққа шыққаннан соң банктер қызмет көрсетеді,сондай-ақ ресми түрде қызметке орналаса алады. Сондықтан, әзірге мен шетел асу мүмкіндігіне ие емеспін, мен заңға бойұсынушы адаммын. 15 айдан соң ШМББ мерзімі сәтті аяқталғаннан кейін, мен Қазақстаннан кете аламын. Бірақ өзге елге қоныс аудару қашу, қорқақтық, қабілетсіздік және әрине ұтылудың белгісі ретінде қабылданады. Ал мен бқл жерден қашқым келмейді, осында туып-өстім, барлық ата-бабам Шу мен Талас өзендерінің аңғарында 500 жылдай өмір сүрген Дулат тайпасының Жаныс руынан шыққан.