Қазақ күресінен Қазақстан құрамасының формасы таныстырылды - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
+3 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақ күресінен Қазақстан құрамасының формасы таныстырылды

Қазақ күресінен Қазақстан құрамасының формасы таныстырылды

Халықаралық қазақ күресі федерациясының президенті, ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев қазақ күресінен әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасының формасын таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

  • 26 Қазан 2017
  • 712
Фото - Caravan.kz

Таныстырылған форма қазақ күресінен Ұлттық құраманың алғашқы толық киім-кешегі. Топтамада спорттық костюм, аяқ киім, күртеше және сөмке сынды өзге де керек жабдықтар бар.

Әлем чемпионатында ел намысын 9 спортшы қорғамақ.

«Әлем чемпионатында 40 мемлекеттен келетін 167 спортшы бақ сынайды. Олардың арасында әлем чемпиондары, Еуропа мен Азия, Панамерика жеңімпаздары бар. Сайыс 8 салмақ санатында және абсолюттік салмақ категориясында өтеді", — деп атап өтті Қ.Бозымбаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, қазақ күресінен әлем біріншілігі 28-29 қазан күндері Астанадағы "Барыс-Арена" мұз сарайында өтеді. Салмақ өлшеу және жеребе тарту рәсімі "Хан Шатыр" сауда және ойын-сауық орталығында 27 қазанға жоспарланған.    


Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера