Қостанайда мектеп оқушысы жол апатына кінәлі деп танылды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қостанайда мектеп оқушысы жол апатына кінәлі деп танылды

Қостанайда мектеп оқушысы жол апатына кінәлі деп танылды

Қостанай қаласының әкімшілік соты Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысына қатысты істі қарады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

  • 29 Қазан 2017
  • 273
Фото - Caravan.kz

Іс материалдарына сүйенсек, 17 жастағы Аруна есімді оқушы қыз әпкесінің көлігін айдап кеткен. Кейін анықталғандай, оның жүргізуші куәлігі болмаған.  

«Мектеп оқушысы «Ниссан» көлігімен Гагарин көшесінде келе жатып, Чекмарев көшесіне бұрылмақшы болады. Дегенмен, негізгі жолда келе жатқан «ВАЗ-21099» көлігіне жол бермей, оны соққан. Сөйтіп, зардап шегушіге материалдық залал келтірді», — деп мәлім етті қалалық соттан.

Ал Арунаның өзі сотқа келмеді. Оның туыстары «ВАЗ-21099» көлігінің иесіне шығын көлемін өтеген. Сот зияткерлік мектептің оқушысына тәрбиелiк ықпал ету шараларын қолдана отырып, әкімшілік жаза тағайындады. Оған құқықбұзушылықты қайталамау мақсатында түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.