ҚХЛ төрешісі Шереметьево әуежайында басы жарылған күйі табылған - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚХЛ төрешісі Шереметьево әуежайында басы жарылған күйі табылған

ҚХЛ төрешісі Шереметьево әуежайында басы жарылған күйі табылған

Танымал хоккейші және Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) қазіргі төрешісі Павел Комаров Мәскеудегі Шереметьево әуежайында басы жарылған күйі табылған, деп хабарлайды championat.com.

  • 30 Қазан 2017
  • 146
Фото - Caravan.kz

Судья Ригада өткен матчтан кейін Мәскеу арқылы Нижний Новгород қаласындағы үйіне ұшып бара жатқан. Оны трансфер жүргізушісі ауысып отыру кезінде ұшағы ұшып кеткеннен кейін ес-түзсіз күйінде тапқан. Комаровты ауыр халде ауруханаға жеткізген. Судьяның жұбайы Екатерина Комарованың айтуынша, төреші Ригадан Мәскеуге келген. Жұма күні сағат 15:00-де Шереметьево әуежайына қонған, кейін 16:30-да Нижний Новгород қаласына ұшып кетуі тиіс болған. Дәрігерлер Павелдің өзі құлап, басын жарып алғанына сенімді емес: оған бас сүйек-ми зақымы деген диагноз қойылған. Алдын ала дерек бойынша, оның басынан доғал затпен ұрған.

«Соңғы рет Павел маған 16:10-да қоңырау шалып, ұшаққа отыру үшін автобуста келе жатқанын хабарлаған. Оның қасында біреу болса, маған айтар еді. Егер ол ұшақтың бортына отырмаса, оны неге іздемеген? Егер ол ұшпаған болса, оның жүгі Нижний Новгородқа жетуі тиіс еді, алайда оны маған Шереметьевода берді. Оның сөмкесін рейстен алып тастаған. Менің күйеуім үнемі бизнес-класта ұшады. Неге ол ұшаққа отыру үшін барлығына арналған автобусқа мінген?», — деді Екатерина Комарова.


Комаров 2009 жылдан бері ҚХЛ матчтарына бас төреші ретінде қызмет көрсетіп келеді.