“1,5 ай бұрын Төреш звондады таңғы сағат 6-да. “Мен бір ән жазып қойдым, дуэт болады”, – деді. “Кіммен?” дедім, “Сенімен”, – деді. А, жарайды көрейік дедім”, – деп еске алды Мәдина.
Дуэтке бірден келісе кеткен Мәдина әннің тақырыбын естіген соң ойланып қалған. Себебі:
“Мен қорқамын, Төреш. Айта алмаймын, білмеймін” – дедім, ол: “Мәдина, махаббат жасқа қарай ма?”, – деді. Мен “Жоқ”, – дедім. “Болды онда, сол сұрақты қоямыз, сосын осы әнді айтамыз”, – деді”, – деп түсіндірді Мәдина.
Сәдуақасованың айтуынша, әннің мәтіні екі рет өзгерген. Себебі алғашқы ән мәтінінде махаббат сезімі ашық айтылған. Оған Мәдина көнбепті. Оған қоса, “ер азаматтармен дуэт айтпай-ақ қойсаң” деген күйеуінің талабы бар.
“Шығармашылық тұрғыдан қысып жіберген сияқты. Ер азаматтар клипіңе түспей-ақ қойса, олармен дуэтті де білмеймін”, – деп айта берді. Жарайды, мен жаныма қыз баланы алдым. Бірақ өнерде, әнде шектеу болмай-ақ қойсыншы, деп мен де өтінішімді айттым”, – деп еске алды Мәдина.
Олжас Смағұлов жарының өтінішін жерде қалдырмай, оның шығармашылықпен еркін айналысуына рұқсат берген көрінеді.