Анасын "өлтіремін" деп қорқытатын қостанайлық 17 тәулікке қамалды - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Анасын "өлтіремін" деп қорқытатын қостанайлық 17 тәулікке қамалды

Анасын "өлтіремін" деп қорқытатын қостанайлық 17 тәулікке қамалды

Анасын "өлтіремін" деп қорқытатын Қостанай тұрғыны 17 тәулікке қамалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі

  • 1 Қараша 2017
  • 189
Фото - Caravan.kz

Анасын "өлтіремін" деп қорқытатын Қостанай тұрғыны 17 тәулікке қамалды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 1966 жылғы ер адамға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73-бабы ("Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер") бойынша төрт әкімшілік іс қаралды. 

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, биыл 25-27 қазан аралығында ер адам өз үйінде анасымен жанжалдасып, балағат сөздер айтқан. Осыдан кейін анасының тыныштығын бұзып, "өлтіремін" деп қорқытқан. Сот отырысында ол өз кінәсін толық мойындады. 

17 күнге қамалудан бөлек, сот оның әрекетіне өзге де тыйымдар салды: үш айдан алты айға дейінгі уақытта жәбірленушіні іздеуге және қудалауға жол бермеу.  Ер адам әр айдың 1, 10, 30 күндері полиция пунктіне келіп, профилактикалық әңгімелесуге келетін болады.