Кукуруз бағып жүргем жоқ - Ерке Есмахан - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
0 °C
Алматы
2025 Жыл
14 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Кукуруз бағып жүргем жоқ - Ерке Есмахан

Кукуруз бағып жүргем жоқ - Ерке Есмахан

Ерке Есмахан отандық шоу-бизнестегі әншілерді «арзан әрі жеңіл-желпі ән айтады» деп сөккен тыңдарманына ренжіп қалды.

  • 1 Қараша 2017
  • 464
Фото - Caravan.kz

«Гәкку» арнасына қонаққа келген Ерке қыз өзін сынаған тыңдармандарға жауап берді.

«Бізде шынайы талантты әншілер жоқтың қасы! Сол себепті осындай арзан мақтанға салынатын ысқырғыштар туралы жазуға тура келеді… қайғылы», — деп жазған екен тыңдарман.


A post shared by Gakku TV (@gakkutv) on

Бұған жауап ертінде әнші өз кезегінде өздерін «ысқырғышқа» теңеген Игорь есімді азаматқа бәрінің көңілінен шығу мүмкін емес екенін айтты.

"Өліп-тіріліп, ұйықтамай ары-беры жүресің, бірдеме жасайсың. Сол еңбегіңнің бәрін осылай нөл қыла салады ғой. Айналайын, кукуруз бағып жүрген ешкім жоқ енді. Біз де еңбегімізді сіңіріп, не болса да жұмысымызды жасап жүрміз" , — деді Ерке.

Перейти к новостям спорта