Ханты-Мансийск автономды округының тұрғыны картадан ұтылып қалып төрт адамды балталап тастады деген күдікпен Березов ауданында ұсталды. Бұл туралы РФ-ның тергеу комитетінің аудандық тергеу басқармасында айтты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі ria.ru-ға сілтеме жасап.
Тергеу кезінде белгілі болғандай, Октябрь ауданының 48 жастағы тұрғыны азаматтық некедегі әйелімен Березова елді мекеніне емделу үшін келген. Сейсенбі күні олар кездейсоқ танысының үйінде түнеп қалады. Сол үйде олардан басқа тағы 3 ер адам болады. Олар ішімдік ішіп, карта ойнайды.
«Ішімдік ішіп отырып, ойын барысында 19 жастағы жігіт пен күдікті сөзге келіспей қалып, ұрыс басталады. Салдарынан күдікті үй иесі мен оның қонақтарын балталап тастайды. Олар сол жерде көз жұмады. Күдікті оқиға орнынан қашып кетпек болған, бірақ көп ұзамай полиция қызметкерлері оны ұстады», — делінген хабарламада.
Белгілі болғандай күдіктінің азаматтық некедегі әйелінен жауап алынды, ол оны «әшкере» ететін түсініктеме берген. Қазіргі кезде ер адамды тұтқынға алу мәселесі шешілуде.