Қазақ телевизиясында бірнеше бағдарламаның тізгінін ұстап, көрерменнің көзайымына айналып үлгерген журналист Бибігүл Дәулетбекқызының "Хабар" агенттігі басышылығына шүйліккеніне біраз болды. Бұл жолы журналист мәселені төтесінен қойып отыр. "Хабарға" креатив басшы керек!- дейді ол.
"Арман ағаның постынан кейін ерінбей Қали ағаның Мейрамбекке жазған хатын тауып алып, оқып шықтым. Күрсіндім. Көкейімізде жүрген кірбіңді дөп басып жазған.
Арман аға, өте дұрыс айттыңыз. Мейрамбек Беспаевтың қолында тұрған ештеңе жоқ. Марат Тәжин мен Дәурен Абаевқа дұрыстап жеткізу керек. Мейрамбек те біз секілді күйінгеннен айтуда.
Көптен бері әлеуметтік желіге кірмеген едім. Кеше инстаәлеміндегі жекеме(direct) оқырмандар Алтынайды арашалауды сұрапты. Басында түк түсінбедім. Кейін әнші Алтынайдың "Хабар" арнасындағы Ләйла Сұлтанқызының "Тікелей эфир" бағдарламасына деген өкпесін оқып, Алтушаны аяп кеттім. Не деген бассыздық десеңізші?! Халқының бетке ұстар әншісін қаралағанда "Хабар" не ұтпақ?! Рейтинг пе сондағысы?! Журналистер рейтинг жасар-ау, ал, Алтынайдың жүрегінің кірбіңін, оның қыздарының абыройын кім басады?! Алтынай кеше ғана есіктен сығалап кірген көптің бірі емес. Ол баяғыда өзін мойындатқан Халықтың сүйікті әншісі. Оның жеке өміріне қол сұғуға ешкімнің хақысы жоқ! Біреуді қараламас бұрын өзідерің мінсіз болсаңдар екен бір сірә?!
"Хабар" арнасы енді барлығын қойып, өтірік алдап, халықтың бетке ұстарларын бағдарламаға шақырып, жерден жексен етуі қалды ма, түсінбедім…
Мана журналист танысымнан естігенмін өткенде бір хабарына актрисаны шақырып алып, некесіз дүниеге келгенін бетіне басқан көрінеді. Сұмдық қой бұл. Біздің менталитет басқа екенін бұл Хабарлықтар біле ме екен, а?! Біз — салт-дәстүріміз бар ҚАЗАҚПЫЗ! Соны ұмытпағайсыздар, әріптестер!
Жүрек айнитын бағдарламалар саңырауқұлақша көгілдір экранды жаулап алуда. Халықтың көзі соқыр емес. Кімнің кім екенін журналистер айтпаса да біледі. Олардың абыройын төгемін деп, бір күні өз абыройларың шашылып кетпесін, "ХАБАР" арнасы!
P.S: Ринат Кертаевтың биылғы жаңа маусымда ашқан бағдарламасы осы болды ма?! Тұщынып көретін бір хабары жоқ, Хабардың қажеті қанша?!Осы мен неге екенін білмеймін, әдемі сөйлеген бөспелерден қорқамын. Айттым ғой пока_креативті басшы бұл арнаға келмей, Хабар оңалмайды. ТОЧКА.
Ринат, әншілермен алысқанша, халықтың мұң-мұқтажын, жастарға ой салатын бағдарлама ашпаймысың! Әй, қайдам бірақ…кімге айтқандаймын…" Бибігүлдің пікіріне кім жауап берер екен?!