Ертіс ауданында өзеннен балықшының денесі табылды - kaz.caravan.kz
  • $ 504.49
  • 587.73
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
6 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ертіс ауданында өзеннен балықшының денесі табылды

Ертіс ауданында өзеннен балықшының денесі табылды

Ертіс ауданының Ертіс ауылында балық аулап отырған азамат суға батып кетіп көз жұмған, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі.  

  • 9 Қараша 2017
  • 144
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы агенттікке облыстық ТЖД мемлекеттік тіл және ақпарат тобының маманы Марал Сағынаева айтты.

— Оқиға кеше сағат 23.12-де орын алды. Куәгерлер марқұмның денесін сағат 21.00-ден судан алып шыққан. 64 жастағы ер адам Ертіс өзенінде балық аулап отырған. Төтеншеліктер тарапынан айтылатын ескертуге қарамастан тұрғындар өз өмірлеріне қауіп төндіре отырып, осындай қатерлі қадамға барады, — дейді Марал Сағынаева.

Мамандардың айтуынша, кейде суайдынының ашық жерлеріндегі мұздың қалыңдығы 10 см., ал қардың астында 3 см. болады. Дегенмен ереже бойынша мұздың қалыңдығы 10-12 см-ден кем болмағанда ғана мұздың үстінде жүруге болады. Тегіс қардың бетіндегі қара дақ — мұздың әлі қатпағандығының белгісі. 


Айта кетерлігі, бұл биылғы жылы балық аулау барысында тіркелген алғашқы қайғылы оқиға.

Перейти к новостям спорта