3D-принтерден шығарылған бас сүйек сәбидің өмірін құтқарып қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
+5 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
3D-принтерден шығарылған бас сүйек сәбидің өмірін құтқарып қалды

3D-принтерден шығарылған бас сүйек сәбидің өмірін құтқарып қалды

Австралияда 3D-принтерден шығарылған бас сүйек жаңа туған сәбиді өмірін құтқарып қалды, деп жазады Seven Network.

  • 13 Қараша 2017
  • 180
Фото - Caravan.kz

Австралиялық сәби София сирек кездесетін ауруға шалдыққан, оның мұрны толықтай бітеліп қалғандықтан, ол тыныс ала алмайды.

Бүлдіршінді емдеуге кіріскен хирургтер балаға 3D-баспа технологиясы арқылы көмектесуге бел буған. Дәрігерлердің мақсаты қарапайым хирургиялық құралдардың балаға ота жасауға қауіпсіз екендігін тексеру үшін қыздың бас сүйегінің көшірмесін жасау болатын.

«Ересектерге» арналған құралдардың тым үлкен екенін анықтаған дәрігерлер әдетте құлақты емдейтін құрылғыларды қолдануды жөн көрген.


Операция сәтті өтті. Бүлдіршіннің толықтай жазылуы үшін тағы бір ота жасау қажет.