Сирияға соғысқа кеткен қазақтардың әйелдері мен балалары Ресейге жеткізілді - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сирияға соғысқа кеткен қазақтардың әйелдері мен балалары Ресейге жеткізілді

Сирияға соғысқа кеткен қазақтардың әйелдері мен балалары Ресейге жеткізілді

Олардың кейбірі Раккада, кейбірі Маядин қаласында өмір сүріп келген.

  • 14 Қараша 2017
  • 181
Фото - Caravan.kz

13 қараша күні кешке Шешенстан астанасы Грозныйға Сириядан арнайы ресйпен 40-тан астам адам жеткізілді. Олардың 12-і әйелдер болса, 29-ы кішкентай балалар. Араларында Қазақстанның — 5, Өзбекстанның 2 азаматы бар. Қалғандары Шешенстан, Ингушетия, Дағыстан, Башқұртстан сынды Ресейдің автономиялық республикаларынан, — деп хабарлайды zakon.kz РИА Новости-ға сілтеме жасап.

Шешенстан басшысының Таяу Шығыс пен Солтүстік Африка елдері бойынша өкілі Зияд Сабсабидің айтуынша, бұл адамдарды Сирияның бірнеше қаласынан жинапты.

"Олардың кейбірі Раккада, кейбірін Маядин қаласында өмір сүріп келген. Бұл адамдар Шайтан мемлекетінен (ДАИШ) өздері қашып шыққан. Олардың арасындағы балалардың ең кішісі небәрі 2 айлық", — дейді ол.

Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровтың айтуынша, бұл әйелдер мен балалардың еш кінәсі жоқ, олар "ақылынан адасқан" күйлері мен әкелерінің құрбандарына айналған көрінеді.


Еске салайық, осыдан бірнеше жыл бұрын Қазақстаннан ондаған отбасы Сирия мен Иракқа соғысуға кетіп қалған болатын. Олар өздерін видеоға түсіріп, роликті әлеуметтік желілер арқылы таратты. Мұнан кейін Таяу Шығысқа кетушілердің қатары жиілеген.