Қаза тапқандардың арасында кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдер де бар. Тағы төрт адам ауруханаға жөнелтілген. Олардың үшеуі – бала. Марий Эл басшысының айтуынша, жол апатына шағын автобустың жүргізушісі кінәлі. Ол алдындағы көліктен басып озбақ болып, қарсы жолаққа шыққан. Алайда үлгере алмай, ағаш тиеген жүк көлігіне қатты жылдамдықпен келіп соққан. Апат кезінде автобус жүргізушісі де мерт болды. Қайғылы оқиғаға байланысты тергеу амалдары басталды.