Бейнежазбаны сол киімі жыртылған жолаушы әйелдің өзі түсіріп, "ВКонтактедегі" "Типичная Алма-Ата" парақшасына жариялады, деп хабарлайды Caravan.kz.
"Автобусқа кіріп, жолақыны банк немесе СМС арқылы төлейін деп отырғанмын. Кондуктор "төледіңіз бе?" деп сұрады. Мен банк немесе СМС арқылы төлейтінімді айттым. Ол "бұлай болмайды, тек қолма-қол немесе "Оңай" картасымен төлеңіз" деді. Өзіме ыңғайлы жүйемен неге төлей алмайтынымды қайта-қайта сұрасам да, онымнан түк шықпады" дейді видео авторы.
Бірақ бұл әйелдің "Оңайы" бар екен. Сонымен төлей салайын деп шығарғанда, кондуктор картасын тартып алып, аппаратқа өзі қойып төлеген. Бірақ картаны қайтарып бермепті.
"Өз аялдамама келгенде, оны (картаны – ред.) қайтаруды сұрадым. Ол (кондуктор – ред.) "жүргізушіде" деді. Картамды жүргізушіге неге бергенін сұрадым. Дұрыс жауап бермеді. Мен оған "әкеліп бер" дедім. Ол бас тартты. Сосын видеоға түсіре бастадым" дейді әйел.
Осыдан кейін басталған ұрыс кезінде кондуктор жолаушының пальтосын жыртып, телефонының бетін сындырған.