Бозымбаев: "Мен туралы Фейсбукте "бульдог", "мастиф" деп жазған едіңіздер" - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
+1 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бозымбаев: "Мен туралы Фейсбукте "бульдог", "мастиф" деп жазған едіңіздер"

Бозымбаев: "Мен туралы Фейсбукте "бульдог", "мастиф" деп жазған едіңіздер"

Қанат Бозымбаев әлеуметтік желілердегі жазбалар өзі басқаратын ведомствоға қалай көмектесетінін айтты

  • 27 Қараша 2017
  • 178
Фото - Caravan.kz

Бүгін ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында энергетика министрі Қанат Бозымбаев ведомствоның баспасөз қызметі әлеуметтік желілерде қалай жұмыс істейтінін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі

Баспасөз мәслихаты кезінде журналистер министрден әлеуметтік желілердегі өзі жайлы пікірлерге қалай қарайтынын сұрады. 

"Сіздер мені қазір "ауыр салмақты" деп атадыңыздар. Ал мұның алдында постардың бірінде "бульдог", "мастиф" деп жазған едіңіздер… Әрине, баспасөз қызметі жұмыс істейді. Фейсбукте мен туралы не жазып жатқанын өзім де кейде қарап қоямын. Тек мен туралы ғана емес, министрліктің жұмысына қатысты адамдардың пікірін қараймын. Бірақ бұл виртуалды кеңістік екенін ұмытпау керек", — деді министр. 

Бозымбаев жағымсыз жаңалық тарап жатса, ведомство түскен ақпаратты тексеретінін, расталса, қажетті шараларды қолға алатынын айтты. 

"Әзірге біз виртуальды кеңістікке толығымен кіріп кеткен жоқпыз, өйткені біз қазір және осы сәтте өмір сүріп жатырмыз. Бензин, дизельді отын да қазір және осы жерге қажет. Басқа нәрселерге алаңдауға уақыт жоқ. Бірақ БАҚ пен әлеуметтік желілерден сигнал алу да өте маңызды. Сіздер (журналистер)  де бізге көп көмектестіңіздер. Біз нарықтың тәулік сайынғы талдауын жүргізбейтін едік, тек апта сайынғы болатын. Ал бір хабарламалардың астына пікір жазып қалдырғанда, мәселеден хабардар боласың. Мәселен Қызылорда облысында бензинмен проблема болды, мен сол кезде әкімдіктермен байланысқа шығып, не болып жатқанын сұрап білдім. Бұл бізге өте жақсы демеу болды", — деді министр.