Ресей 1371 гектар жерді Қазақстанға қайтарды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ресей 1371 гектар жерді Қазақстанға қайтарды

Ресей 1371 гектар жерді Қазақстанға қайтарды

БҚО Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында «Батыс Қазақстан облысындағы ауылшаруашылығы жер телімдерін пайдалану ережесі» тақырыбында кезекті брифинг өтті.

  • 1 Желтоқсан 2017
  • 472
Фото - Caravan.kz

Брифингке БҚО жер қатынастары басқармасының басшысы Әлия Мұхамбетжанова және БҚО жерді пайдалану мен қорғалуын бақылау басқармасының басшысы Салауат Нұрғалиев қатысты деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы Әлия Мұхамбетжанованың айтуынша, Батыс Қазақстан облысының аумағы 15133,9 мың гектарды құрайды, оның ішінде 6 607 мың гектар ауылшаруашылық жері (егістік жер — 588,7 мың га, көпжылдық дақылдар — 1,8 мың гектар, тыңайған жерлер — 438,8 мың гектар, шабындықтар — 411,2 мың га, жайылымдар — 5111,7 мың га, басқа жерлер — 54,8 мың гектар).

Қазіргі таңда 940,2 мың гектар немесе пайдаланылмаған жерлердің 70,2% мемлекет меншігіне қайтарылса, 496,8 мың гектар немесе қайтарылған жерлердің 52,8%-ына ауыл шаруашылығы айналымына тартылды.

Сондай-ақ, Ә.Мұхамбетжанова облыста бірыңғай жер ресурстары порталы құрылғанын, оның құрамына елді мекендерде орналасқан жер учаскелері, конкурстық іріктеу бойынша ауыл шаруашылық жер учаскелері, тұрғын үй құрылысы жер телімінде кезекте тұрғандар мен жерді мақсатсыз пайдаланғандар енгізілгенін атап өтті.

Спикердің айтуынша, 2017 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша Батыс Қазақстан облысынан Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінің мемлекеттік ұшу-сынау орталығына ұзақ мерзімді жалға берілген жер учаскесі 1463,7 мың гектарды құрайды (әскери полигонның ауданы 1465,1 мың га). Биыл 1995 жылғы 20 қаңтардағы мемлекеттік ұшу-сынау учаскесін пайдалану туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттама қайта қаралып, соған сәйкес Кіші Боғда кен орнын игеруге қажетті 1371 га алқап мемлекеттік меншікке қайтарылды. Қазіргі таңда жерді мемлекеттік меншікке қабылдау аяқталды.

Брифингте басқарма басшысы тұрғын үй құрылысы үшін берілетін жер телімдеріне де тоқталды. 2017 жылғы 30 қарашадағы жағдай бойынша тұрғын үй құрылысы үшін жер алу кезегіндегі азаматтар саны 100 914 адамды құрайды (Орал қаласы бойынша 71 005 адам). 2017 жылы облыс аудандарында тұрғын үй құрылысы үшін (Ақжайық ауданында — 42, Бөрлі ауданында — 257, Жәнібекте — 12, Зеленовта- 132, Қазталовта — 31, Каратөбеде — 32, Сырым ауданында-42, Тасқала ауданында-45, Шыңғырлау ауданында-1) 594 жер учаскесі жалға берілді.

Бұдан бөлек, «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 2017 жылы тұрғын үй салуға 2 816 жер телімін беру жоспарлануда. Олар: Ақжайық ауданы бойынша – 218; Бөрлі ауданы бойынша – 1325; Жаңақала ауданы бойынша – 60; Зеленов ауданы бойынша – 640; Қаратөбе ауданы бойынша – 60; Сырым ауданы бойынша – 66; Теректі ауданы бойынша – 369; Шыңғырдау ауданы бойынша – 78.

БҚО жерді пайдалану мен қорғалуын бақылау басқармасының басшысы С. Нұрғалиев баяндағандай, өзі жетекшілік ететін басқарманың негізі қызметі — жер қатынастары субъектілеріне мемлекеттік бақылау жүргізу. Осы орайда 2017 жылы жер заңдылықтарының сақталуына 238 тексеру жүргізілген. Нәтижесінде 182 заң бұзушылық анықталып, 22 млн. теңге айыппұл салынған. 2017 жылы басқарма жалпы көлемі 110,0 мың гектар ауыл шаруашылық мақсатындағы егістік, жайылымдық және шабындық алқаптарға тексеру жүргізіп, нәтижесінде жалпы көлемі 97,0 мың гектар құрайтын 84 жер учаскесінің иесіне мақсатты пайдалану қажеттігі жөнінде нұсқамалар берді. Басқарма пайдаланылмаған жер телімдеріне берілген нұсқамалардың орындалу мерзімі аяқталып, алайда жер учаскесі игерілмеген жағдайда жерді қайтару жөнінде сот органына жүгінеді. Бүгінгі күні жалпы көлемі 15,0 мың гектар құрайтын 30 жер учаскесін мемлекет меншігіне қайтару жөнінде сот органының шешімдері шықты. 37,0 мың гектар құрайтын 92 жер учаскесінің иесі басқарманың берген нұсқамасынан кейін жер учаскелерінен ерікті түрде бас тартып, мемлекет меншігіне қайтарды. Бұдан бөлек, 5,6 мың гектар құрайтын 7 жер учаскесін мәжбүрлеп алып қою жөнінде талап-арыздар сотта қаралуда.


Қазіргі таңда басқарманың тексеру жұмыстарының нәтижесінде 52,0 мың гектар құрайтын 122 ауыл шаруашылығы жерлері мемлекет меншігіне қайтарылып отыр. Басқарма шаруа қожалықтарынан пайдаланылмаған жерлерді қайтару мәселесімен ғана айналыспайды, шаруашылықтарға жер учаскесін мақсатты игеруге түрткі болып, бизнесті жүргізуге ықпал ету жұмыстарын жүргізеді. Басқарманың заң бұзушылықты жою туралы берген нұсқамаларынан кейін көлемі 63,6 мың гектар жерді жер пайдаланушылар мен иелері игеруге кірісіп, ауыл шаруашылығы айналымына тартты.

Брифингте баяндамашы жерді пайдаланушылардың құқықтары мен олардың тарапынан кететін кемшіліктерге тоқталды.

Басқарма тарапынан жүргізілетін тексерулердің нәтижесінде анықталатын заңбұзушылықтардың бірі — ол мемлекеттік жер учаскесін өз бетінше иеленіп алу. Басқармамен ағымдағы жылы жүргізілген тексерістердің нәтижесінде мемлекеттік жерді басып алу фактісі бойынша 71 жеке және заңды тұлғаларға әкімшілік хаттамалар толтырылып, 22 млн. теңге айыппұл салынды.