Екібастұздық оқушы қыз таэквондодан Әлем кубогінде чемпион атанды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Екібастұздық оқушы қыз таэквондодан Әлем кубогінде чемпион атанды

Екібастұздық оқушы қыз таэквондодан Әлем кубогінде чемпион атанды

Минск қаласында таэквондо ITF бойынша Әлем кубогі өтіп жатыр.

  • 4 Желтоқсан 2017
  • 771
Фото - Caravan.kz

Жарысқа 35 мемлекеттен екі мыңға жуық спортшы қатысты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Екібастұз әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөліміне сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасының намысын Павлодар облысының ITF таэквондо федерациясының төрт спортшысы қорғады. Олар  Рүстам Нұров, Гүлжамал Мырзахан, Әли Узханов, Алина Самбуева. Бұл спортшылардың барлығы  Екібастұз қаласы 1-БЖСМ таэквондо бөлімінің аға-жаттықтырушысы Азамат Шакиловтың тәрбиеленушілері.

Жарыстың қорытындысы бойынша №21 мектептің 10-сынып оқушысы Әли Узханов 45 келі салмақ дәрежесінде, 14-15 жастағы жасөспірімдер арасында күміс жүлдегер атанды. Ол 7 жылдан бері спортпен шұғылданады. Бір ай бұрын Қазақстан Республикасының спорт шебері атанған.

Спорттың бұл түрімен небәрі 3 жыл айналысқан Әлина Самбуева тұғырдың екінші сатысына көтерілді. Ол №2 мектептің 5-сынып оқушысы. Ал Рүстам Нұров 35 келі салмақ дәрежесінде кадеттер арасында жүлделі екінші орынды жеңіп алды. Спортшы №24 мектептің 7-сыныбында білім алып жатыр. Таэквондомен 4 жылдан бері айналысады.


Сондай-ақ, Гүлжамал Мырзахан 2017 жылғы Әлем кубогінде чемпионы атанды. Өткен жылы ол бірінші орынды иемденген болатын. Гүлжамал — Абай Құнанбаев атындағы №2 мектептің 7-сынып оқушысы. Спорттың бұл түрімен 7 жылдан бері айналысып келеді.