Астанада бала қараушы әйел жұмысқа қабылдаған отбасылардың зергерлік бұйымдарын ұрлап кеткен - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада бала қараушы әйел жұмысқа қабылдаған отбасылардың зергерлік бұйымдарын ұрлап кеткен

Астанада бала қараушы әйел жұмысқа қабылдаған отбасылардың зергерлік бұйымдарын ұрлап кеткен

Астанада әйел адам балаға қараушы болып кірген үйлерін тонап кеткен. 

  • 4 Желтоқсан 2017
  • 158
Фото - Caravan.kz

2017 жылдың қазанында Б. есімді әйел отбасылық жұптың баласына қараушы болуға келіскен. Бірнеше күн өткеннен кейін үйді жинау кезінде ол үй иелерінің зергерлік бұйымдары мен ақшасын ұрлаған, — деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Астана қаласының сотына сілтеме жасап.

Әйел адам мұнысымен қоймай, қараша айында өзге отбасына бала қараушы ретінде жұмысқа қабылданады да қылмысын қайталайды. 

Алайда сот барысында тараптар медиациялық тәртіп бойынша өзара келісімге келуіне байланысты қылмыстық істі тоқтату туралы өтініш берді. 


Осыған байланысты Астана қаласы Есіл ауданының №2 соты қылмыстық істі тоқтатты.