Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам ауданында бір күнде екі шенеунік ұсталды, олардың бірі денсаулық сақтау саласында, ал екіншісі әділет саласында қызмет еткен, — деп хабарлайды Tengrinews.kz Тimeskz.kz.-ке сілтеме жасап.
Оларды ұстау бойынша операцияны Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының өңірлік департамент қызметкерлері жүргізді.
"Жеке кәсіпкерлерлен қоғамдық тамақтану сауда орталықтарын ашуға жағымды қорытынды беру үшін және кәсіпкерлік қызметіне астыртын дем беру үшін жүйелі түрде 600 мың теңге пара алғаны үшін ОҚО Сайрам аудандық қоғамдық денсаулық сқатау басқармасының басшысы П.Өтепов пен осы ауданның әділет басқармасының басшысы З.Түйнебаев ұсталды", — деп мәлімдеді ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.
Сот қаулысымен олар Шымкент қалалық ІІБ-нің уақытша ұстау изоляторына қамалып, соталды тергеу жүріп жатыр.