Ақтөбеде төрт баласын ерткен келіншек екі күн вокзалда түнеген - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбеде төрт баласын ерткен келіншек екі күн вокзалда түнеген

Ақтөбеде төрт баласын ерткен келіншек екі күн вокзалда түнеген

Төрт баланың анасы қазір Ақтөбедегі дағдарыс орталығында тұрып жатыр. Қатты қиналғанын айтқан келіншек тәртіп сақшыларынан көмек сұраған.

  • 5 Желтоқсан 2017
  • 145
Фото - Caravan.kz

«Келіншекті желілік полиция қызметкерлері алып келді. Төрт баласы бар екен. Екі күн вокзалда түнеген. Теміржолдағы полиция қызметкерлері келіншекті вокзалдан қуып жіберген.  Әйел «баратын жерім жоқ» деп қайтып келеді екен. Үлкен баласы 6  сыныпта оқиды, кішісі төрт айлық. Қазір бізде тұрып жатыр. Жолдасы сабап, кетіп қалған. Әйел балаларымен баратын жер таппай қиналған»,—дейді «Малика» дағдарыс орталығының директоры Гүлбадан Даут. Бұл туралы aktobenews.kz агенттігі хабарлайды. 


Әкімдіктің қолдауымен ашылған дағдарыс орталығында тұрмыстық зорлық көрген 20-ға жуық келіншек тұрып жатыр.

«Бізге ешқандай жұмысы, құжаты жоқ келіншектер де келеді. Олардың балаларын балабақшаға, өздерін жұмыспен қамтамасыз етеміз. Біздің жұмысымызға әкімдік қызметкерлері көп қолдау көрсетеді», — дейді Гүлбадан Даут.