Ресейде қазақстандықты 13 жылға соттағандар жазаланды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ресейде қазақстандықты 13 жылға соттағандар жазаланды

Ресейде қазақстандықты 13 жылға соттағандар жазаланды

Есірткі контрабандасы деген желеумен адам ұрлады деп айыптады.

  • 6 Желтоқсан 2017
  • 163
Фото - Caravan.kz

Мәскеу соты 5 желтоқсанда Қазан полициясының бұрынғы басшысы Руслан Халимдаровты 10,5 жылға соттады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Азатыққа сілтеме жасап. Оны есірткі контрабандасы деген желеумен адам ұрлады деп айыптады. Халимдаровтың қарамағындағы үш адам 8 жылдан 9 жылға дейін бас бостандықтарынан айырылды.

Тергеу комитетінің басшысы Александр Бастрыкинның бұйрығымен істі қарауды Татарстаннан Мәскеуге берген. Ол Қазан сотының әділетті болатынына күдіктенген.

Тергеу ісінің мәліметі бойынша, Халимдаров қарамағындағылармен бірге 2005 жылы Қазақстан тұрғынын ұрлап әкетіп, оған есірткі саудасымен айналысты деп жалған айып тағып, 13 жылға соттап жіберген.


Полиция қызметкерлері тек 2013 жылы ғана ұсталған. Алдымен оны қызметін асыра пайдаланды деп айыптады. Тек іс Тергеу комитетінің орталық аппаратына берілгеннен кейін ғана, адам ұрлау фактісі бойынша іс қозғалған.