Үндістандық әйел "су перісін" дүниеге әкелді - kaz.caravan.kz
  • $ 498.55
  • 524.28
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үндістандық әйел "су перісін" дүниеге әкелді

Үндістандық әйел "су перісін" дүниеге әкелді

Үндістанда әйел адам су перісі синдромы бар, аяқтары бітісіп кеткен баланы дүниеге әкелді.

  • 10 Желтоқсан 2017
  • 1106
Фото - Caravan.kz

Нәрестенің суреттерін Daily Mail басылымы жариялап отыр, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

23 жастағы әйел жүктілік кезінде тексерістен өтуге мүмкіндігі болмаған. Сиреномелия аталып кеткен аномалия немесе су перісінің синдромы тек перзентханада анықталған. Нәресте төрт сағаттан кейін шетінеп кетті. 

Дәрігер Судип Саханың сөзінше, әйел мен күйеуінің қарапайым шаруа болғандықтан медициналық қызметке ақшасы болмаған. Ал анасының дұрыс тамақтанбауы мен қан айналымының нашарлығы синдромға себеп болуы мүкін. 

Су перісі синдромы бар нәрестелер 100 мың баланың бірінде ғана кездеседі және ондай ауытқумен туғандар бірден шетінеп кетеді екен. Алайда АҚШ-та дүниеге келген Шайло Пепин атты қыз он жыл өмір сүріп, 2009 жылы көз жұмған. Оның жыныс мүшесі мен шегінің жартысы болмаған.