Жағдайы төмен отбасыларға су құбыры тегін тартылды - Ақмола облысы - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жағдайы төмен отбасыларға су құбыры тегін тартылды - Ақмола облысы

Жағдайы төмен отбасыларға су құбыры тегін тартылды - Ақмола облысы

Əлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылар мен əлеуметтік нысандардың ішіне су құбырын мердігерлер тегін тартып берді.

  • 10 Желтоқсан 2017
  • 246
Фото - Caravan.kz

Ақмола облысының Астрахан ауданындағы ұзақ жылдар бойы тіршілік нəріне зəру болып келген Каменка ауылына су құбыры тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Тəуелсіздік мерекесі қарсаңында Ақмола облысының Астрахан ауданындағы ұзақ жылдар бойы тіршілік нəріне зəру болып келген  Каменка ауылында «Ақ бұлақ» бағдарламасы бойынша салынған су құбырын іске қосу салтанаты шарасы өтті.  

Аудан орталығынан 51 шақырым қашықтықта орналасқан Каменка ауылында 500-ден астам тұрғыны бар.  Ауыл құрылған Кеңестік дəуірден бері тіршілік нəрін тасып ішті. Соңғы жылдары ауыз су Родина ауылынан тасымалданып келді. Енді ауылда ауыз су мəселесі оң шешіліп отыр.  

Салтанатты шараға аудан әкімі Нұрлан Сейілов қатысып, ауыл тұрғындарын көптен күткен қуаныштарымен құттықтады.


  Аудан әкімінің сөзіне қарағанда, Каменка ауылына су құбырын тарту шаралары «Ақ бұлақ» бағдарламасы, кейін «Өңірлерді дамыту» бағдарламасына енгізілді. Осының нəтижесінде ағымдағы жылы бюджеттен 400 миллион теңгеден астам қаржы бөлінді. Бұл қаржыға ауылдың әр көшесіне қазіргі заман технология бойынша автоматтандырылған су құбырлары тартылып, тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандардың ішіне су кіргізілді.