Оңтүстік Қазақстанда жүздеген оралман картада жоқ ауылда тұрып жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Қазақстанда жүздеген оралман картада жоқ ауылда тұрып жатыр

Оңтүстік Қазақстанда жүздеген оралман картада жоқ ауылда тұрып жатыр

Оңтүстік Қазақстанда осымен екінші рет картада белгіленбеген ауыл табылды

  • 11 Желтоқсан 2017
  • 164
Фото - Caravan.kz

Қазығұрт ауданындағы картада жоқ ауылдың тұрғындары бұл проблемаға билік өкілдері қашан назар аударар екенін күтіп жүргендерін айтты, деп хабарлайды Sputnik otyrar.kz-ке сілтеме жасап. 

Қазығұрт ауданындағы елді мекеннің бұрын атауы да болған екен – Жантақсай, ал қазір оның бәрінен ада болған, тіпті кадастрлік нөмірі де жоқ. Ауыл картада белгіленбеген, яғни заңды түрде жер бетінде жоқ.

Бұл ауылда Өзбекстаннан көшіп келген 120 оралман отбасы тоғыз жылдан бері тұрады, жазда бұлақтан су ішсе, қыста қарды ерітіп күнелтеді. Балалары мектепке бару үшін бірнеше шақырым жапан даланы жүріп өтеді.

Айнатас ауылына жақын орналасқан бұл елді мекеннің тарихы 2000-шы жылдары басталыпты, сол кезде оралмандарға жер бөліп, қажетті коммуникациямен қамтамасыз етуге уәде берген. Адамдар үйлерін салып, тұрып жатады, билік өкілдеріне ұмыт болғандарын тіпті байқамапты да.

Қазығұрт ауданы бойынша ТКШ басшысы қызметін атқарушы Дөненбай Есболханов айтып жеткізгендей, жергілікті атқарушы органдар жол салуға қажетті сметаны даярлап қойған, енді ауыз су мәселесі шешіледі. Алайда облыстық әкімдік Қазығұрт әкімдігінен ешқандай өтініш түспегенін мәлімдеді.


Сайттың хабарлауынша, бұл оқиға өңірде бірінші рет болып тұрған жоқ. 2016 жылы Сарыағаш ауданында 205 отбасы тұратын ауылдың картада жоқ екені анықталған. Мемлекеттік актілер мен құжаттар жарамсыз деп танылыпты.