Полиция Шахтинск өңірінде қамауға алу шаралары жөнінде не деді - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Полиция Шахтинск өңірінде қамауға алу шаралары жөнінде не деді

Полиция Шахтинск өңірінде қамауға алу шаралары жөнінде не деді

Ереуіл бастаған төрт шахтадан түн ішінде 154 адам жер бетіне шықты

  • 13 Желтоқсан 2017
  • 172
Фото - Caravan.kz

Ішкі істер департаменті шахтерлер ереуіл ұйымдастырған Қарағанды облысындағы қамауға алу шаралары туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sputniknews.kz облыстық әкімдік баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Шахтинск өңірінде қамауға алу және ұстау шаралары жүргізілген жоқ. Полиция азаматтардан арандатушылыққа жол бермеуді сұрады", — деп хабарлайды ведомство баспасөз қызметі.   

"АрселорМиттал Теміртау" АҚ көмір департаменті төрт шахтасының 200-ге жуық жұмысшысы 11 желтоқсанда жұмыс ауысымы аяқталған соң кенжардан шықпай қойған. Жұмысшылармен келіссөз жүргізу үшін компания өкілдері келді. Шахтерлер бірқатар талап қойған, оның ішінде жалақыны көтеру және зейнет жасын төмендету бар.


13 желтоқсанға қараған түні өңір басшысы төрт шахтаға түсіп, кеншілермен әңгімелесті, нәтижесінде 154 адам жер астынан шыққан.