Қазақстанда өлім мен туу көрсеткіші қандай? - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда өлім мен туу көрсеткіші қандай?

Қазақстанда өлім мен туу көрсеткіші қандай?

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті іске қосқан Қазақстан Республикасының тұрғындар санын есептеуіші бойынша Қазақстанда әрбір 81 секундта 1 адам тірі туады.

  • 14 Желтоқсан 2017
  • 275
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

2017 жылдың басында халық саны 17 917 915 адамды құраған. Ал ағымдағы сәтте 18 146 778 адамға жеткен. Оның ішінде ер адамдардың саны 8 785 273-ті құраса, әйелдер 9 361 505-ке жетіп отыр.

Ағымдағы айдағы демографиялық оқиғаларға шолу жасасақ:

  • Әрбір 8 секундта 1 адам (нәресте) дүниеге тірі туады;
  • Әрбір 216 секундта 1 адам дүниеден озады;
  • Әрбір 1847 секундта 1 адам елге келеді (иммигрант) ;
  • Әрбір 1410 секундта 1 адам елден кетеді (эмигрант) ;

Жыл басынан ағымдағы күнге дейін тірі туғандар  373 201, ал дүниеден озғандар  саны — 125 561.

Бұдан бөлек, елімізге келіп-кетіп жүрген адамдардың санына шолу жасасақ: Қазақстанда иммигранттардан бұрын эмигранттар, яғни елден кететіндер басым болып тұр. Жыл басынан бері 15 253 адам келсе, 34 347 шекара асып кеткен. Ал жалып өсім 228 546-ны көрсетіп отыр.

Бүгінгі таңда халықтың 15 жасқа дейінгі саны 21,6 %-ды құраса, 15 жастан 65 жасқа дейінгі халық саны – 71%-ға тең. Ал 65 жастан асқан адамдар саны 7,4 %-ды құрап отыр.


15 жастан кіші адамдар саны 3 890 984-ті құраса , оның ішінде ер адамдар – 1 987 807, ал әйелдер – 1 903 177. Ал 15 жастан 65 жасқа дейінгі (14 жастан асқан және 65 жасқа толмаған)  халық саны – 12 890 235 болса, оның ішінде ер адамдар – 6 246 903 болса, әйелдер – 6 573 332. Ал 64 жастан асқан ер адамдар саны – 456 532, әйелдер саны 876 974.

Ал Қазақстандағы ер адамдар мен әйелдердің өмір сүру ұзақтығына келер болсақ, ер адамдар 63,2 жас, ал әйелдердің 74,1 жыл өмір сүруі күтіледі.