Бұл туралы "Қазгидромет" хабарлады.
Тек республикамыздың оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында атмосфералық ауа ағындардың өтуіне байланысты таңертең және күндіз аздаған жауын-шашын болады. Кей жерлерде тұман болып, оңтүстік-шығыста желдің күшеюі болжанып отыр.
Алматы облысының Алакөл ауданында жел 18-23 м/с-қа дейін күшейеді, күндіз екпіні 28 м/с болады, түнде кей жерлерінде тұман болады.
Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман болып, күндіз жел 15-20 м/с —қа дейін күшейеді.
Ақмола, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерде тұман болады.