Ақтөбеде дүкенші кассадағы ақшаны өзі ұрлап, полиция шақыртқан - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
+3 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбеде дүкенші кассадағы ақшаны өзі ұрлап, полиция шақыртқан

Ақтөбеде дүкенші кассадағы ақшаны өзі ұрлап, полиция шақыртқан

Жалған ақпарат таратып, ақша ұрламақ болған дүкенші қамауда отыр.

  • 20 Желтоқсан 2017
  • 164
Фото - Caravan.kz

Ақтөбеде дүкен сатушысы полицияға жалған хабарлама беріп, кассадағы ақшаны қалтасынан салып алды деп жазады ҚазАқпарат.

 Ақтөбе қаласындағы Қарғалы ауылдық округінде орналасқан дүкен сатушысы полицияға телефон шалып, қарақшылық шабуыл жасалғаны туралы ақпарат береді. Дүкен сатушысы бетперде киген екі адам келіп, кассадағы ақшаны алып кеткенін мәлімдеген.

«Полиция қызметкерлері оқиға орнына жедел жетті. Дүкеншіден жауап алу кезінде оның қателескені белгілі болып, қарақшылық шабуылдың қолдан ұйымдастырылғаны анықталды. Өз жауабында, түсініктемесінде дүкенші қателесіп, кейін бейнекамераны сөндіріп тастағанын, кассадағы ақшаны өзі алғанын мойындады. Кейін күдіктіден заттай айғақ ретінде ақшаның бір бөлігі табылды», – деді Ақтөбе облыстық ІІД баспасөз қызметі.

Айта кетейік, Қылмыстық кодекстің «Ұрлық» бабы бойынша іс қозғалды. Қазір тергеу жүріп жатыр. Жалған ақпарат таратып, ақша ұрламақ болған дүкенші қамауда отыр.