Оқиғаның видеосында спортшының өз қарсыласын нокдаунға түсіріп, кейін оны әрмен қарай ұрып-соғуға оқталғанын көруге болады. Бірнеше соққыдан кейін жерде жатқан файтер есінен танып қалған.
Осы кезде рефери жекпе-жекті тоқтатқан, алайда жеңіп жатқан спортшы оны итеріп тастап, қарсыласына жұдырық жаудырған.
Ашуға булыққан спортшыны промоушен қызметкерлері келіп, тоқтатып алған. Бейәдеп қылық көрсеткен спортшыға қандай жаза қолданылғаны белгісіз қалып отыр.