Алматы облысында полиция кісі өлтірді деген күдікпен әйел адамды қамауға алды, деп хабарлады Sputnik өңірдің ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға Талғар ауданында болған, 20 желтоқсанда Туғанбай ауылына жақын жерде Қапшағай су қоймасының жағалауында пышақ жарақаты мен басынан зақым алған 47 жастағы ер адамның денесі табылады.
Алматы облысы ішкі істер департаменті мәліметіне сүйенсек, күдікті әйел анықталып, бірнеше сағат ішінде ұсталған.
"Ұсталған әйелдің айтуынша, ер адаммен бірге ішімдік ішіп отырғанда, араларында кикілжің туып, нәтижесінде көңілдесіне пышақ салған. Аталған дерек бойынша қылмыстық тергеу басталды", — деп хабарлады облыстық полиция.
1984 жылғы әйел Алматы тұрғыны болып шықты, ол қылмыстық жауапкершіліктен қашпақ болып жасырынып, тіпті ұялы телефонын өртеп жіберген екен.